1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Борьба
Бүгін 09:25
 

Азия ойындарына қатысатын балуандарды рейтингтік турнирлер анықтайды

  Пікірлер

blog.share

Азия ойындарына қатысатын балуандарды рейтингтік турнирлер анықтайды ©ҚР ҰОК

Күрестегі маусым қыза түсті. Қазіргі таңда еркін күрестен 2026 жылғы Азия ойындарына баратын негізгі құрама жасақталды. Алайда бапкерлер штабы соңғы әрі нақты шешімді екі рейтингтік турнирлердің нәтижесі бойынша қабылдайды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Данияр Қайсанов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

blog.share

Күрестегі маусым қыза түсті. Қазіргі таңда еркін күрестен 2026 жылғы Азия ойындарына баратын негізгі құрама жасақталды. Алайда бапкерлер штабы соңғы әрі нақты шешімді екі рейтингтік турнирлердің нәтижесі бойынша қабылдайды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Данияр Қайсанов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

- Азия чемпионатындағы спортшылардың өнеріне қандай баға берер едіңіз? 

- Бішкекте өткен Азия чемпионатының нәтижесіне көңіліміз толды деп айта алмаймыз. Дегенмен, Азия құрлығындағы бәсекенің деңгейі өте жоғары екенін ескерген жөн. 

- Қазақстан кубогында көзге түскен спортшылар болды ма? Болашақта негізгі құрамға қосыла алатын балуандар бар ма?

- Қазақстан кубогында өздерін жақсы қырынан көрсете білген балуандар бар. Мәселен, 61 келі салмақта күрескен Алан Оралбек тамаша өнер көрсетті. Ол әлем чемпионатының қола жүлдегері, тәжірибелі балуан Асылжан Есенгелдіні ұтқан болатын. Тағы да көзге түскен балуандардың қатарында 57 келідегі Нұрданат Айтанов бар. Сонымен қатар 70 келі салмақта Бақдәулет Әкімжанды, 79 келіде Ерхан Әбілді атап өтуге болады. 

- Кубоктың нәтижесі бойынша спортшыларды Азия ойындарына іріктейміз деген едіңіз. Сол жайлы айтсаңыз?

- Иә, негізгі құрама жасақталды деуге болады. Бірақ кейбір салмақтарда әлі де қарастырып көретін балуандар бар. Алдағы екі халықаралық турнирдің нәтижесіне қарап, соңғы шешім қабылданады.

- Алдағы оқу-жаттығу жиындары қай жерде өтеді? Команданың алдағы жоспары қандай? Дайындық барысында қандай бағыттарға басымдық беріледі?

Ертең Моңғолияға жол тартамыз. Онда рейтингтік турнир өтеді. Осы жарыстан кейін елге оралып, Шымкентте бірлескен оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырамыз. Жиынға Мысыр мен Беларусь құрамаларының көшбасшы балуандары қатысады. Одан кейін Әзірбайжанда Түркия, Беларусь және жергілікті спортшылармен бірге тағы бір бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Сол жақта маусымдағы төртінші әрі соңғы рейтингтік турнир ұйымдастырылады. Қазіргі жоспар бойынша, бұл жарыста ұлттық құраманың бірінші нөмірлі балуандары белдеседі.

- Сондай-ақ Азия ойындарынан кейін бірден әлем чемпионаты басталады. Сол туралы айтсаңыз?

- Биыл бізді аса маңызды екі үлкен жарыс күтіп тұр. Оның бірі - төрт жылда бір рет өтетін Азия ойындары. Екіншісі - өз елімізде ұйымдастырылатын әлем чемпионаты. Сондықтан екі жарысқа да тыңғылықты дайындалып, балуандарымызды ең мықты бабында апаруға күш саламыз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!