Азамат Дәулетбеков Әлем Кубогінің қола жүлдесін иеленді

©kazsports

АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында өткен еркін күрестен Әлем кубогінде ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дәулетбеков әлем құрамасы сапында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Азамат бұл бәсекеде 86 келі дейінгі салмақта күресті.

Оның құрамасы жарысты 2-айналымнан бастады. Онда Дәулетбеков жапон Тацуия Шираиды жықты (9-1). Әлем құрамасы мен Жапония арасындағы тартыста алғашқысы басым болды.

Алайда жартылай финалда ирандық Әлиреза Мұхаммед Каримимачианиден жеңілді. Бұл жерде Азиядан келген балуандар басым түсті. Ал қола медаль үшін белдесуде грузиялық Сандро Аминашвилиді 8-2 есебімен жеңді.

Азамат Дәулетбеков биыл қыркүйекте Белградта өткен әлем чемпионатында 86 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізген. Осы бәсекеден соң ол әлем құрамасының сапына шақырту алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар