Әйлдер арасында күрестен үш балуанымыз да жартылай финалда жеңілді және қола үшін белдеседі

Сурет: ҚР ҰОК. Сәли Сабыров©
Қазақстандық үш спортшы Валентина Исламова (50 келі), Марина Седнева (55 келі) және Жәмилә Бақбергенова (72 келі) Қазақстан астанасында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Енді балуан қыздарымыз әлем біріншілігінің қола жүлдесі үшін ғана белдеседі. 

Қазақстан құрамасынан Олимпиада лицензиясын иеленген Исламова жартылай финалда румыниялық Эмилия Вукқа есе жіберді. Седнева жапониялық Ирие Нанамиден, ал Бақбергенова - Олимпиаданың алтын және күміс жүлдегері ресейлік Наталья Воробьевадан жеңілді.
Жаңалықтар