Әйелдер күресінен отандастарымыз халықаралық турнирде екі алтын алды

©wrestlingua

Қазақстандық бұрымды балуандар Болгарияда өткен халықаралық турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Болгарияда әйелдер күресінен "Петро Сираков және Иван Илиев" атындағы халықаралық турнирі басталды. 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен халықаралық бәсекеде Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды. 

Алғашқы жарыс күнінде жеңіс тұғырынан көрінген қазақстандық спортшылар тізімі келесідей: 

Алтын - Диана Каюмова (59 келі)

Алтын - Гүлсеназ Бухаева (65 келі)

Күміс - Лаура Алмағанбетова (55 келі)

Қола - Ағайша Ибрашева (59 келі)

Қола - М. Иманбекова (68 келі)

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар