Әйелдер күресі: Сыздықова, Сағымбай және Теміртасова ұтылып қалды

©olympic.kz

Ослода күрес түрлерінен әлем чемпионатының төртінші жарыс күні өтуде. Бүгін әйелдер күресінің өкілдері бақ сынап жатыр, деп жазады Olympic.kz

Өкінішке қарай, қазақстандық балуандар алғашқы кезеңдерде жеңіліп қалды. 

53 келідегі Асылзат Сағымбай молдовалық Юлия Леордаға есе жіберді. 65 келідегі Айна Теміртасова 1/8 айналымда румыниялық Криста Инчені ұтқанымен, келесі кезеңде жапондық Мива Морикавадан ұтылды. 

Сондай-ақ, Рио Олимпиадасының жүлдегері Эльмира Сыздықова 76 келіде сынға түсіп, египеттік қарсыласына жол берді.


 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар