Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының жүлдегері атанды

©uww.org

Айдос Сұлтанғали күрес түрлерінен Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы медаль екендігін айта кеткен жөн.

26 жастағы отандасымыз соңғы белдесуін венгриялық Кристиан Кечкеметиге қарсы өткізіп, 60 келіге дейінгілер арасында қола жүлдені қанжығасына байлады. Қорытынды есеп 7:1.

Еске салайық, Айдос Сұлтанғали Балқан түбегіндегі байрақты бәсекеде алдымен Молдовадан келген Александр Трандафирден (9:0) айласын асырса, артынша армениялық Геворг Гарибянды (3:0) үйіне қайтарды. Жартылай финалда әлем чемпионатының вице-чемпионы қырғыз Жоламан Шаршенбековке (0:7) есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар