Күрес түрлері
Бүгін 13:36

Асыл Айтақын 61 келіде әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

©United World Wrestling

Қазақстандық балуан Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін сәтті өткізді.

Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/16 финалда Қырғызстан өкілі Омирбек Асан уулумен кездесіп, қарсыласын 4:0 есебімен жеңді.

Енді Асыл Айтақын әлем чемпионатының ширек финалына шығу үшін күреседі.

Айта кетейік, бұған дейін Едіге Қасымбек (125 келі) 1/8 финалға өткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport