auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Астанадағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақ дзюдошылар белгілі болды

Астанадағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақ дзюдошылар белгілі болды
©olympic.kz

Астанада 16-18 маусым күндері өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды. Әлемдік және Олимпиадалық рейтингте ұпай беретін бұл жарыста Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшыларымен бірге жас спортшылар да қорғайды.

Назарларыңызға елорда татамиінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылардың тізімін ұсынамыз:

Ерлер

-60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан, Дәурен Сюкенов

-66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Ермек Амангелді, Айболат Ыстыбай, Сұңғат Жұбатқан

-73 кг: Данияр Шамшаев, Жансай Смағұлов, Дархан Қойбағар, Асқар Нарқұлов

-81 кг: Айбол Нысанәлі, Руслан Мусаев, Абылайхан Жұбаназар, Бекәділ Шаймерденов

-90 кг: Ермахан Ануарбеков, Мұхаммедали Мавлидов, Құдырет Досымов, Аян Байғазы

-100 кг: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Садуақас, Бекзат Шағатаев, Ислам Бозбаев

+100 кг: Ғалымжан Қырықбай, Әділ Оразбаев, Ерасыл Қажыбаев, Мади Еділбаев

Әйелдер:

-48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева, Жанерке Асқарова, Нұрайлым Сәрсенбек

-52 кг: Толғанай Әбеуова, Құндыз Жылқыбай, Гауһар Ирмағамбетова

-57 кг: Севара Нышанбаева, Бақыт Құсақбаева, Балнұр Құрманбай, Дана Әбдірова

-63 кг: Мөлдір Нарынова, Есмигүл Куюлова, Анастасия Морозова

-70 кг: Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы, Диана Телбаева

-78 кг: Аруна Жангелдина, Назерке Тілеуханова, Маргарита Гриценко

+78 кг: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова, Назгүл Маратова

Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтетін бұл жарысқа 45 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Жарысқа кіру тегін.

Естеріңізге сала кетсек, биыл Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) әлемдік Grand Slam жарысын Қазақстанда өткізу туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды. Екіжақты келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды.

Сонымен қатар, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, 1 орын үшін - 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін 500 ұпай есептелетін болады.

«Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама