Астанада белбеу күресінен әлем чемпионаты өтеді

©

15-16 шілде күндері Астана қаласындағы «Beeline Arena» спорт кешенінде белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді.

Әлемдік додаға 30 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы қатысады. Ерлер 16, ал әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Ерлер арасындағы медаль жиынтығы еркін және классикалық стильде сарапқа салынса, әйелдер тек еркін тәсіл бойынша күреседі.

Жарыс қорытындысы бойынша қараша айында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін әлем кубогында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталады.

Әлем чемпионатының бас төрешісі – Еркін Жетімеков (Қазақстан). Бас хатшы – Александр Шараев (Беларусь).

Естеріңізге сала кетейік, бұл жарыс елімізде төртінші рет өткізіліп отыр. Осыған дейін Астана 2007, 2012, 2017 жылы белбеу күресінен ересектер арасында әлем чемпионатын қабылдаған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар