Қазақстандық балуан Алтын Шағаева Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында тағы бір жеңісіне қол жеткізді.
Әйелдер күресінен 59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда Польша баланы Йовита Мария Вжесеньмен кездесіп, қарсыласын 5:1 есебімен жеңді.
Осылайша Шағаева әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Өсімжан Дастанбек еркін күрестен 65 келі салмақтың 1/8 финалында армениялық Вазген Теванянға жол берген еді.