Алтын күтеміз! Қазақтың балуан қыздарының жүлде үшін белдесулеріне тікелей трансляция

©olympic.kz

Бүгін, 7 қазанда қазақстандық балуандар күрестен әлем чемпионатында жүлде үшін белдеседі, деп хабарлайды Vesti.kz

72 келідегі финалда Жәмилә Бақбергенова алтын үшін жапониялық Масако Фуруитимен белдеседі.

Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі жұбаныш белдесуіне шығады, екеуінің де қарсыласы Моңғолия балуандары. Нилуфар Раимова 57 келіде Давачимег Эрхэмбаярмен, ал Диана Каюмова (59 келі) - Шоовдор Баатаржавынмен.

Сонымен қоса, бүгін кілемге герк-рим күресінің өкілдері шығады. Бұл жарыста Қазақстан атынан Хорлан Жақанша (55 келі), Кахарман Қысметов (72 келі), Темірлан Шадукаев (77 келі) және Мақсат Ережепов (82 келі) күреседі.

Барлық белдесулерді мына сілтеме арқылы тамашалауға болады. Алдын ала белдесулер 12:00, ал жүлде үшін күрес 20:00-де басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар