Күрес түрлері
26 наурыз 14:43
 
14

Әлімхан Сыздықов АЧ күмісін жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Әлімхан Сыздықов АЧ күмісін жеңіп алды © Нұрғалаи Жұмағазы, СДД

Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші орынға ие болды.

blog.share

Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші орынға ие болды.

Отандасымыз 130 келі салмақта ел намысын қорғады. 

Қазақстандық балуан ақтық сында ирандық Фардин Хедаятимен өзара мықтыны анықтады. Тартысты белдесуде Әлімхан Сыздықов қарсыласына 0:7 есебімен жол берді.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Ибрагим Магомадов (77 келіге дейін) және Шамиль Ожаев (87 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!