Алматыдағы Азия чемпионатына қатысқан алты бірдей корей балуанынан коронавирус табылған

Иллюстрациялық сурет: © РИА Новости

Осы айдың басында күрес түрлерінен Алматыда өткен Азия чемпионатына қатысқан Оңтүстік Корея делегациясының жеті мүшесінен COVID-19 анықталды. Insidethegames.biz сайтының мәліметінше, бұл тізімде алты балуан мен жаттықтырушы бар, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бес балуан мен жаттықтырушы Оңтүстік Кореяға оралды, ал алтыншы спортшы Қазақстанда қалды, себебі ол келесі аптада Болгариядағы жарысқа қатыспақ. Ол жақта 6-9 мамыр аралығында жаһандық іріктеу турнирі өтеді.

Вирус жұқтырғандардың ешқайсында симптом қатты білінбеді. Оңтүстік Кореяға қайтқандар оқшаулау бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.

Оңтүстік Корея Алматыда өткен Азия чемпионатында 12 жүлде еншілеген еді. 

Жаңалықтар