1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Күрес түрлері
Бүгін 14:02
 
Алматыда ардагер балуандар қатысқан халықаралық турнир өтті

  Пікірлер

blog.share

Алматыда ардагер балуандар қатысқан халықаралық турнир өтті ©

Алматыда қазақтың даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналған халықаралық "Ардагер Алаңы" турнирі өз мәресіне жетті. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен ауқымды дода ардагер балуандарды, жас спортшыларды, жаттықтырушылар мен күрес жанашырларын бір алаңға жинады.
Алты кілемде қатар өткен жарыс екі күн бойы көрермендерге тартысты әрі ымырасыз белдесулер сыйлады. Кілем үстіндегі әрбір кездесу спорттық рухпен, қарсыласқа деген құрметпен және нағыз күрес мінезімен ерекшеленді.

Турнирдің ұйымдастырушысы әрі идеялық жетекшісі Ерлан Малаевтың айтуынша, "Ардагер Алаңы" бүгінде жай ғана ардагерлер турнирі емес, күреске адал жандардың басын қосатын халықаралық деңгейдегі беделді алаңға айналған.

"Қатысушылар мен көрермендердің қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Сондықтан турнирдің ауқымын кеңейтіп, оның деңгейін одан әрі көтеру бағытындағы жұмыстар жалғасады. Болашақта жарыс еліміздің бірыңғай спорттық күнтізбесіне еніп, қатысушыларға ресми спорттық атақтар мен разрядтар беріледі деп сенеміз. Бұл ардагерлер спортының дамуына үлкен серпін береді", – деді ол.

Биылғы жарысқа әртүрлі жас санатындағы 500-ге жуық спортшы қатысты. Турнирге Қазақстаннан бөлек Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, АҚШ, Беларусь және Грузия елдерінен балуандар келіп, жарыстың халықаралық мәртебесін тағы бір мәрте айқындады.

Ұйымдастырушылар ұрпақтар сабақтастығына ерекше мән берген. Тәжірибелі ардагерлермен қатар жас балуандар да көрші кілемде белдесіп, аға буынның тәжірибесін көріп өсті. Бұл отандық күрес мектебінің дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік берді.

Ерлан Сатыбалдыұлы турнирдің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен Қазақстан күрес федерациясына, Алматы қалалық Спорт және дене шынықтыру басқармасына, төрешілерге, дәрігерлерге, еріктілер мен барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

Оның сөзінше, "Ардагер Алаңының" басты мақсаты тек жеңімпаздарды анықтау емес. Жарыс арқылы күрес спортын насихаттау, түрлі ел спортшылары арасындағы достықты нығайту және қазақ даласының ұлы палуандарының рухани мұрасын дәріптеу көзделген.

Ұйымдастырушылар келесі, бесінші халықаралық «Ардагер Алаңы» турниріне дайындықты бастап кеткен. Келер жылы жарысты одан да жоғары деңгейде өткізіп, қатысушы елдердің қатарын көбейту жоспарланып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!