Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

©olympic.kz

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев Ослода өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қола үшін таласта Кебіспаев түркиялық Мурат Фыратпен кездесіп, 7:4 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен бұл әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған соңғы балуан болды. Әлем біріншілігінде бақ сынаған басқа балуандарымыздың барлығы да жүлдеге іліге алмады. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар