65 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда Ниязбекова әлемдік рейтинг көшбасшысы Баджранг Пунияны жеңді. Үндістандық әлем чемпионаттарының күміс және қоласын, Азия чемпионытының екі алтыны мен Азияданың бір алтынын иеленген балуан.
Ал 30 жастағы Ниязбеков 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, үш рет Азия чемпионы атанған және 2012 жылғы олимпиадаға қатысқан.
Мұыың алдында 57 келіде белдесетін Нұрислам Санаев жартылай финалда түркиялық Сулейман Атлыдан жеңілді. Енді қазақстандық қола жүлде үшін күресетін болады.
28 жастағы Санаев 2018 Азия чемпионы болды және әлем чемпионатының финалына жеткен, дегенмен, ақтық сында ресейлік Заур Угуевтен жеңілді.