Күрес түрлері
11 ақпан 2020 17:29

Әлем кубогында қарсыласына әдіс жасамақ болған балуан желкесін үзіп алды

Виедодан алынған кадр
Дағыстандық балуан Гаджимурад Магомедов Санкт-Петербургте өткен грепплингтен ашық әлем кубогы барысында ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Дагестанские Известия" Instagram-аккаунтында оқиғаның мән-жайы айтылады. 1994 жылғы спортшы қарсыласының шынтағына төменнен әдіс жасамақ болған. Алайда осы әдісті жасау кезінде Магомедов еденге сәтсіз түскен. Соққыдан ол мойынын жарақаттап алды. Қолда бар мәліметтер бойынша, ол тірі, бірақ қол-аяғы қозғалыссыз қалған.



"Регион Online" басылымының мәліметінше, спортшының еміне қаражат жинау қоры ашылған. Оның миы зақымдалған, мойын омыртқасы жабық түрде сынған.