Еркін күрестен Римде өткен әлем чемпионатының (U-17) жеңімпазы, қазақстандық Камил Куруглиев жеңістен кейін берілген сыйақыны қайырымдылыққа жұмсамақ, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ол жас балуандарға көмектескісі келеді.
"Міне нағыз батыр! Ерлан Сәдуақасұлы Қожасбай мырзаның берген 1 000 000 теңге сыйақысын біздің чемпион Камил Куруглиев Маңғыстау облысындағы Қызылсай ауылындағы жас балуандарға жаңа бозкілем алып береді ", - деп жазады дереккөз.
Естеріңізге сала кетейік, Куруглиев ақтық сында мажарстандық Муса Арсункаевты жеңіп, 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты.