Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Омар Сатаев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Балуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, үшінші орын үшін өткен белдесуде бельгиялық Ибрагим Табаевты 10:8 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Юсуф Мациев күміс жүлдегер атанса, Мерей Мәулетханов қола медальға ие болған еді.
Жарнама