Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Болгарияның Самоков қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
125 келіге дейінгі салмақтағы финалдық белдесуде Қасымбек ирандық Аболфаз Мохаммад Мохаммаднежадпен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, жартылай финалда Едіге америкалық Коул Санто Мирасоланы таза жеңді - 11:0. Ширек финалда ол оңтүстіккореялық Чан Ба И Джуннан - 6:0, ал 1/8 финалда моңғол балуаны Нарантулга Дармаабазардан 15:12 есебімен басым түскен болатын.
Жарнама