Самоковта (Болгария) күрес түрлерінен U20 санатындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
20 тамызда еркін күрестен соңғы қола жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстан қола медальға үміткерлердің қатарында. Ол үшін Алан Оралбек жұбаныш белдесуінде сәтті өнер көрсетуі тиіс.
61 келі салмақтағы балуан ширек финалда ирандық Ахор Хатериге есе жіберген болатын.
Осылайша, қазақстандық спортшы жұбаныш белдесуіне жолдама алды. Ол Пуэрто-Рикодан барған Омар Аюбпен белдеседі.
Жарнама