auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ақтауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Ақтауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Ақтауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Төрт күнге созылған байрақты бәсекеге Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 14 облысынан 273 татами шебері қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі пандемия жағдайында аса сақтықпен және жауапкершілікпен, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отыра, Маңғыстау облысының дзюдо федерациясы Қазақстан дзюдо федерациясымен бірлесе ұйымдастырды.

"Коронавирус пандемиясының қауіптілігін ескере отырып, осындай қиын кезеңде батылдық танытып, ел біріншілігін өткізу оңай шешім емес. Аталған жарыс әуелі Атырауда жоспарланған болатын. Одан кейін елордада өткізуді қарастырғанмен, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты Ақтауға ауыстырылды. Ұзақ үзілісте татамиден тыс қалған дзюдошылар үшін бүгінгі жарыс аса қажет болатын. Бүгінгі ел біріншілігінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа ұлттық құрамасы жасақталады", - деді Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров.

Жылдың ең маңызды жарысы саналатын ел біріншілігіне ұлттық құрама сапынан барлық дзюдошы татамиге шықты. Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің айтуынша, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегер атанған спортшылар ұлттық құрама сапына қосылып, алдағы жаңа Олимпиадалық циклге резерв жасақталады.

"Ақтау татамиінде жаңа есімдер шығып жатыр. Жеңімпаздар қатарынан табылмаса да, белдесу барысында көзге түскен, күрес стилі ерекше жас балуандар көп болды. Ұлттық құрама спортшыларының ізін басатын мықты жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Ересектермен қатар ел чемпионатында жасөспірімдер мен жастар құрамасынан балуандар қатысты. Олар біздің болашағымыз. Дәл осы балуандарды келесі Олимпиадалық кезеңге, 2024 жылғы Париж Олимпиадасына дайындайтын боламыз", - деді бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиев.

Өз кезегінде ұлттық федерация басшысы Қайрат Қожамжаров жарыстың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.

"Жарыстың қысқа уақыт ішінде өте жоғары деңгейде, аса жауапкершілікпен ұйымдастырылғанын ескерген жөн. Қазақстан чемпионатын өткізуге және тыңғылықты ұйымдастыруға ат салысқан, атап айтқанда, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов пен Асылбек Жолдыбаев бастаған Маңғыстау облысының дзюдо федерациясына алғысым шексіз", - деп сөзін түйіндеді федерация президенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
22 қыркүйек 2023, 09:12
Күрес түрлері
© Жәмила Бақбергенова ӘЧ-де жүлде жеңіп алды

Жарнама

Жарнама