Афина Олимпиадасының жүлдегері Қазақстан құрамасы сапында 13 жылдан кейін өнер көрсетпек

Фото: olympic.kz©

Қазақстанның атақты балуандарының бірі және 2004 жылы өткен Афина Олимпиадасының жүлдегері Георгий Цурцумия араға 13 жыл салып кілемге қайта оралады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сәуір айының 9 мен 11 аралығында Алматы қаласында күрес түрлері бойынша Азия лицензиялық турнирі өтеді. Грек-рим күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының намысын 130 келіге дейінші салмақ дәрежесінде Георгий Цурцумия қорғайтын болады.

Алайда бұл жарысқа құраманың бірнеше жылдан бергі көшбасшысы Алмат Кебісбаев қатыспайды. Оның орнына турнирде жуырда ғана Италияда өткен "классиктерге" арналған сайыста жеңіспен оралған Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) кілемге шығады.

Одан бөлек 87 келіге дейін салмақ дәрежесінде ел намысын Нұрсұлтан Тұрсынов қорғайтын болса, 97 келіге дейінгі палуандар арасынан Олжас Сырлыбайды көретін боламыз. Бұл екі палуан да өткен жылғы Қазақстан чемпионатында ерекше көзге түсіпқана қоймай, Италияда өткен турнирде жеңімпаздар арасынан көрінген еді. 

Алматыдағы лицензиялық турнирден кейін күрестен Азия чемпионаты басталады. Құрлық додасында грек-рим күресінен келесі балуандар бақ сынайды: 

55 келі: Жансерік Сәрсенбиев

60 келі: Айдос Сұлтанғали

63 келі: Сұлтан Әсетұлы

67 келі: Алмат Кебіспаев

72 келі: Азат Садықов

77 келі: Демеу Жадыраев

82 келі: Евгений Поливадов

87 келі: Азамат Күстібаев

97 келі: Ерұлан Ысқақов 

130 келі: Әлімхан Сыздықов

Азия біріншілігі 18 сәуірге дейін жалғасады. 

Метки:
Жаңалықтар