auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

АЧ алтынын үшінші рет алған Дәулетбеков финалда өзбек балуанын қалай жеңгенін айтты

АЧ алтынын үшінші рет алған Дәулетбеков финалда өзбек балуанын қалай жеңгенін айтты
© instagram.com/qaz_olympics

Еркін күрестен 86 келі салмақта сынға түскен Азамат Дәулетбеков өз мансабында Азия чемпионатының үшінші алтынын жеңіп алды. Ол қатарынан үш рет құрлық чемпионы атанып отыр. Olympic.kz тілшісіне сұхбат берген балуан Бішкектегі финалдың өте маңызды болғанын атап өтті.

«Бішкекте Азия чемпионатының үшінші алтынын иеленген соң, өзіме деген сенім арта түсті. Оның үстіне, құрлық додасы Олимпиада қарсаңында өткізіліп отыр. 

Финалдағы қарсыласым – Өзбекстан атынан сынға түсетін дағыстандық жігіт. Ол менің басты қарсыластарымның бірі. Соңғы екі жарыста оған есе жіберіп алдым. Алдымен Алматыда өткен Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирінде ұтылсам, былтыр Азия ойындарында жол бердім. Сондықтан, ақтық сында барымды салдым. 

Одан бөлек, қазір еліміз қиын кезеңді бастан кешуде. Ел аймақтарын су басып, халық үйлерін тастап, қашуға мәжбүр болуда. Осындай сындарлы сәтте жанкүйерлерді қуантқым келді. Осы жеңісімді су тасқынынан зардап шеккен халыққа арнаймын.

Париж Олимпиадасына да аз уақыт қалды. Дайындық жоспар бойынша ойдағыдай өтуде. 25 сәуірде кезекті оқу-жаттығу жиыны басталады. Венгрияның Будапешт қаласында тағы бір рейтингілік жарыс бар. Бапкерлер рұқсат етсе, сол сынға да қатысып қалармын», - деді Дәулетбеков. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве
  • Пляжный футбол

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама