Абылайхан Әмзеев Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

©uww.org

Абылайхан Әмзеев күрес түрлерінен Моңғолия астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

72 келі салмақтың финалында отандасымыз ирандық Мохамад Реза Хойтолла Мохтаримен белдесіп, 1:4 нәтижесімен есе жіберді.

Бүгін, 20 сәуір күні 82 келіге дейінгілер арасында Диас Қален тағы бір ирандық Расул Саде Гармсиримен финалда Азия біріншілігінің алтынына таласады. Сонымен қатар, 97 келіде Санжар Серікхан жапон Такихито Цурудомен финалда белдеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар