Әбиба Абужақынова "Үлкен Дулыға" турнирінің жүлдегері атанды

©olympic.kz

Әбиба Абужақынова Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан дзюдодан "Үлкен Дулыға" кезеңінде итальян Ассунта Скуттоны бір жарым минутта жығып, қола медаль жеңіп алды деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап .

Бүгін Әбиба вьетнамдық Тинь Тхи Хоанг пен румын Александра Попты жеңді. Алайда А тобындағы үздік анықталған ширек финалда осы салмақтағы көшбасшылардың бірі испан Джулия Фигероаға есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде серб Милица Николичтен басым түсті.

Айта кетейік, Әбиба Абужақынова 2 апта бұрын Ташкенттегі Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Ол – қазақ қыздары арасында ӘЧ-да жүлде алған тұңғыш дзюдошы. Сондай-ақ Абужақынова тамызда Астанада өткен Азия чемпионатының финалына дейін жетіп, жапон Вакана Когаға есе жіберді.

Ассунта - былтыр осы Абу-Дабиде өткен "Үлкен Дулыға" кезеңінің жеңімпазы. Жалпы Абу-Дабиде 48 келіге дейінгі салмақта 29 спортшы сынға түсті.

Ал 52 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан Ұлттық құрама өкілі Толғанай Әбеуова әзірбайжандық Гүлтай Мамедалиевадан айласын асырғанымен, 29 жастағы швейцариялық Фабьен Кочерден жеңіліп қалды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар