Күрес түрлері
6 қазан 2022 18:43

Абиба Әбужақынова дзюдодан ӘЧ жүлдесін еншіледі

©olympic

Абиба Әбужақынова дзюдодан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

48 келіге дейінгілер арасында үшінші орын үшін өткен белдесуде Әбужақынова Чилиден келген Мэри Ди Варгасты жеңді. Бұл Ташкент татамиіндегі ұлттық құрама сапындағы алғашқы жүлде.

Ерлер арасында 60 келі салмақтың өкілі Елдос Сметов те турнирдің қола жүлдесіне белдеседі. Сметов жарыс қожайыны өзбек Дильшодбек Баратовпен жүлделі орынды сарапқа салады.

Еске салайық, турнирдің бірінші күні 60 келіге дейінгілер арасында Мағжан Шамшаддин алғашқы белдесуін италиялық Анджело Пантаноға есе жіберген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport