Борьба
Кеше 21:58

7 алтын! Қазақстан балуандары Азия чемпионатында 22 жүлдеме алды

©

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. 

Қазақстандық балуандар байрақты бәсекеде 7 алтын, 10 күміс, 5 қола жеңіп алды.

Еркін күрес

Нұрданат Айтанов (61 келіге дейін), Майис Алиев (70 келіге дейін), Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін), Ризабек Айтмұхан (125 келіге дейін) алтын алды.

Еламан Амангелді (54 келіге дейін), Ерхан Әбіл (79 келіге дейін), Абылайхан Үзембаев (86 келіге дейін) күмістен алқа тақты.

Шаттық Алайдар (65 келіге дейін) қолаға ие болды.

Грек-рим күресі

Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтын еншіледі.

Нұрмұхаммед Ибрахим (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Ерасыл Жеңгіс (87 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Диас Нұрақов (63 келіге дейін), Кирилл Минько (82 келіге дейін) қола алды.

Әйелдер күресі

Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Алтын Шагаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін), Алина Ертөстік (76 келіге дейін) күміс жүлде еншіледі.

Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) қолаға ие болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport