20 жастағы қазақ балуаны қарсыласын 30 секундта жығып, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

© olympic.kz
20 жастағы қазақ балуаны Нұрқожа Қайпанов (70 келі) күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еркін күрестен 1/8 финалда ол 30 секундтай уақытта аустралиялық Джошуа Райлиді 10:0 есебімен жеңді. Ширек финалда Қайпанов осындай есеппен британиялық Николае Коджокаруды жықты.

Финаға шығу үшін Қайпанов Иран балуаны Йонес Аликбар Эмамичогоймен белдеседі.

Ал қазақстандық Данияр Қайсанов (74 келі), Нұрғали Нұрғайыпұлы (92) мен Олег Болтин (125) жартылай финалға өте алмады.
Жаңалықтар