Борьба
13 наурыз 2020 22:58
 
"Жеңілмеген қазақ жұлдыздарын жеңерімді сезгенде арандатты". Допинг үшін "Әлем Барысы" атағынан айырылған ресейлік

  Пікірлер

blog.share

"Жеңілмеген қазақ жұлдыздарын жеңерімді сезгенде арандатты". Допинг үшін "Әлем Барысы" атағынан айырылған ресейлік "Қазақстан барысы" баспасөз қызметі

 Допингке байланысты қазақ күресінен әлемнің абсолют чемпионы "Әлем барысы" атағынан айырылған ресейлік Роман Бобиков Tverisport.ru порталына берген сұхбатында осы жағдайға қатысты пікір білдірді. 

Спортшының қанынан 2010 жылдан бері тыйым салынған метилгексанамин табылды. Финалда ресейлік палуан екі рет "Әлем Барысы" атанған Айбек Нұғымаровты жеңген еді. 

- Төбемнен жәй түскендей болды. Басқа жарыстарға дайындалып жатқанмын. Аяқ-асты шеттеу туралы хабарлама келді. Енді маған дзюдо мен самбодан да ресми жарыстарға қатысуға болмайды. 30 жасымда карьерамды аяқтауыма тура келетін сияқты. 

- Роман, онда метилгексанамин қайдан пайда болды?

- Оны "герань сықпасы" деп те атайды. Күші кофеин сияқты, былай айқанда ештеңе де емес. Мен ондайды ешқашан қолданған емеспін. Он жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып келемін. Олай жасайтындай ақымақ емеспін.

- Ендеше қайдан?!

- Менің пайымдауымша, жарыс кезінде арандатты. Ресейден екеу болдық. Белдесуге шыққанда заттарымызды жаттығу залында қалдыратынбыз. Сонда сөмкеде су құйылған шекер жатқан. Жеңілмеген қазақ жұлдыздарын жығарымды сезгенде суға сеуіп жіберген болу керек. Ұйымдастырушылар титул, алтын белбеу мен қыруар сыйақыдан айырылғысы келмеді. Осылай мені арандатты. 

Жарнама

Живи спортом!