Оқу-жаттығу жиыны аясында Петр Пак жаттықтыратын құрама алматылық "
СВШСМ-
Барыс" командасымен екі ойын өткізді, деп хабарлайды
Vesti.kz тілшісі ҚФФ
баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Алғашқы ойында
Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында жартылай қорғаушы Зарина Шмидт екі голдың авторы атанды. Тағы бір голды шабуылшы Аида Смағұлова соқты. Екінші ойында "СВШСМ-Барыс" командасы жеңіске жетті. Матч 1:2 есебімен аяқталды.
Бүгін футболшылар Сочи қаласына жол тартады. Ол жақта "Кубань көктемі" деп аталатын халықаралық турнирге қатысады. Біздің қыздар "А" тобында Иран, Краснодар өлкесі және Словения құрамаларымен ойнайды.
Жарнама