Қысқы спорт
12 желтоқсан 2022 14:03
 

Яна Хан Әлем кубогінде Қазақстан рекордын тіркеді

  Пікірлер

blog.share

Яна Хан Әлем кубогінде Қазақстан рекордын тіркеді ©olympic

Алматыда шорт-тректен Әлем кубогінің 3 кезеңі аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.

blog.share

Алматыда шорт-тректен Әлем кубогінің 3 кезеңі аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Соңғы жарыс күні ерлер мен әйелдер жекелей сында 500, 1500 метр мен командалық эстафетаның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады.

Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс медаль жеңіп алды. Бұл биылғы Әлем кубогының үш кезеңінде қазақстандық шорт-трекшілер қол жеткізген 5-медаль.

Абзал Әжғалиев 3-орын (500 м, В финалы). Санжар Жанысов өз тобында 5-орын (500 м, В финалы).

Ольга Тихонова 6, Алина Ажғалиева 7, Мадина Жанбусинова 8-орын (1500 м, жартылай финал). Бұл қашықтықта бельгиялық Ханне Десмет жеңімпаз атанды. Күміс канадалық Кортни Сароның, қола германиялық Анна Зайдельдің еншісінде.

Яна Хан өз тобында 4-орын (500 м, ширек финал). Ол бүгін 500 метрде Қазақстан рекордын тіркеді (43.355 секунд).

Әділ Ғалиахметов 1-орын, Еркебұлан Шамуханов 2, Нұртілек Қажғали 4-орын (1500 метрде В финалы). Мұнда кореялық Чжи Вон Парк пен Гён Хван Хон алтын мен күмісті қоржынға салса, канадалық Паскаль Дион үштікті түйіндеді.

Командалық эстафетада ерлер құрамасы В тобында 2-орын алса, әйелдер (В финалы) 4-сатыға тұрақтады. Бұл екі бағдарламада Канада құрамасының спортшылары ешкімге дес берген жоқ.

Келесі 4-кезең де 16-18 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өтеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!