жаңа тег қосуСлайдшоу қарау (пробел)ПаузаАртқаАлғаОрнынан көшіруЖабу (Esc)Толық көлеміне ашуСуретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Ұсталған күдікті Денис Тенді өлтіргенін мойындаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев оның есімін атады.
Ұсталған күдіктінің аты-жөні Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы.
Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан ол ауруханада көз жұмды.