"Төртінші Олимпиадам". Джеки Чан Олимпиада алауымен жүгірді
Әлемдегі ең танымал киноактерлердің бірі Джеки Чан Бейжің-2022 Қысқы Олимпиада алауының эстафетасына қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Reuters ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Әлемдегі ең танымал киноактерлердің бірі Джеки Чан Бейжің-2022 Қысқы Олимпиада алауының эстафетасына қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Reuters ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Ұлы Қытай қорғанында алау ұстап жүгіргендердің арасында Джеки Чан да болған. Эстафетада жиналған жанкүйерлердің барлығы актерге қошемет көрсеткен.
"Таңғы 4.00 ояндым. Бұл менің төртінші Олимпиадам. Шынымды айтсам осындай эстафета алауымен жүгіруге мүмкіндік сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Өзімді бақытты сезініп тұрмын", - деді Чан.
Еске салайық, Ақ ойындар Қытай астанасында ақпан айының 4 мен 20 аралығы өтеді. Қазірдің өзінде керлинг спортының іріктеу ойындары басталып кетті.
Жарнама