Шорт-тректен бас бапкер ауысты

©olympic.kz

Нұрберген Жұмағазиев шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Конькимен жүгіру федерациясының мәліметіне сәйкес құраманың бұрынғы мүшесі Жұмағазиев бас бапкерлік міндетке кірісті. Осыған дейін құраманы тізгіндеген Мәдіғали Қарсыбеков қызметінен өз еркімен кеткен.

Еске салайық, Жұмағазиев шорт-тректен Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2016 жылы Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өткен әлем кубогінде алтыннан алқа тағынған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар