auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Шаңғы спорты федерациясы Полтараниннің Аустрияда ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Шаңғы спорты федерациясы Полтараниннің Аустрияда ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады
Reuters©
Қазақстан шаңғы спорты түрлері федерациясы Австрияның Зеефельд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде ұсталған отандық шаңғышы Алексей Полторанинге қатысты мәлімет берді. Мәлімдеме Олимпиада құрамасының ресми сайтында жарияланған.

"Егер оның допинг қолданғаны шын мәнінде расталса, федерация бұл туралы ресми мәлімет жариялайды. Біз допинг қолдануға "нөлдік төзім" саясатын ұстанамыз. Әділетсіз әдістермен жеңіске жетуге және тыйым салынған негіздемелерге түбегейлі қарсымыз. Бірақ Полтораниннің допингке қарсы ережелерді бұзғаны толығымен дәлелденбейінше және федерация WADA, ХОК, FIS секілді ұйымдардың Алексейге ресми түрде айып таққанына көз жеткізбейінше, біз спортшымызды қорғайтын боламыз", - деді шаңғы спорты түрлері Ұлттық федерациясының баспасөз хатшысы Самал Наурызова.

Айта кетйік, кеше, 27 ақпанда Австрияда өтіп жатқан әлем біріншілігі аясында Алексей Полторанин 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысушылар сынына қатысуы тиіс болатын. Алайда, спортшы жарыс жолына шыққан жоқ.

Кейін БАҚ-та еліміздегі үздік шаңғышы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Қазіргі сәтте оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің бапкері Vksport.kz басылымына берген сұхбатында Австриядағы әлем чемпионатында болған оқиға туралы толығырақ айтып берді. 27 ақпанда Қазақстан құрамасының көшбасшысын VADA (Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі) полициясы жарысқа шығармай қойған еді.

Қазақстандық шаңғышыдан бөлек, эстониялық Андрус Веерпалу, австриялық Макс Хауке мен тағы бірнеше спортшы тұтқынға алынған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар