Қысқы спорт
8 қыркүйек 2022 03:52

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін

©РИА Новости

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Роман Савосин Қазақстан құрамасының намысын қорғау үшін құжаттар әзірлемеді. Бұл туралы спортшының бапкері Алексей Четверухин мәлімдеді.

Осыған дейін Ресейдің РИА Новости сайты 22 жастағы Савосиннің Қазақстан атынан жарыстарға қатысқысы келетінін жазған еді.

"Қазақстан? Бұл туралы жауап беру әлі ерте. Ол әлі ешнәрсе (құжаттар) тапсырмады", - дейді Р-Спорт сайты Четверухиннің сөзін келтіріп.

Еске салайық, Савосин Ресей командасының сапында 2019 жылы жастар арасында әлем чемпионатының күміс медалін иеленді. Сонымен қатар, жастар мен ересектер арасында Гран-при серияларында сынға түскен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport