auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Полтаранин сотталмайтын шығар. Кінәсін мойындаса - жазаланады". Сәпиев допинг дауы туралы

Мұның алдында қазақстандық допинг пайдаланғанын мойындағаны хабарланды.

"Полтаранин сотталмайтын шығар. Кінәсін мойындаса - жазаланады". Сәпиев допинг дауы туралы
Алексей Полторанин. Reuters©
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Vesti.kz тілшісіне қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің жағдайына қатысты пікір білдірді. Спортшы қан допингін қолданғанын мойындады

- Серік, сізге қазіргі таңда Алексей Полтараниннің жағдайы туралы не белгілі?

- Алексеймен тікелей әлі сөйлескем жоқ, бірақ, оны босатқанын білемін, бәрі жақсы. 

- Ол кінәсін мойындады ма?

- Онымен сөйлесуім керек, егер шынымен кінәсін мойындаса - онда жазасын тартады. 

- Шетелдік БАҚ Алексей жергілікті заңнама бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын жазыпты. Расымен солай ма?

-  Үш жылға сотталады деп ойламамймын, бәрі жақсы болады. 

- Полторанин жақында Мәскеуге келе ме?

- Әзірге білмеймін, бізде Еуропамен уақыт белдеуі бөлек, мен оған таңғысын қоңырау шалмадым. Әзірге белгілісі оны кеше босатқан, ол біздің консулмен кездескен, Федерация басшылығымен де. Жалпы оған барынша көмектесіп жатыр. 

- Бапкерлер штабы, дәрігерлермен тілдестіңіз бе?

- Дәрігерлермен - жоқ, кеше босатпай тұрып, менеджермен сөйлестім. 

- Олар не деді?

-  Оны себебін түсіндірмей ұстап әкеткенін, жалпы қазір белгілі жағдайды айтты.

- Енді сіздер тек қолдау көрсетесіздер ме әлде ішкі тергеу жүргізесіздер ме?

- Алдымен Алексеймен сөйлесу қажет.

Естеріңізге салайық, 27 ақпанда шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанинді австриялық полиция антидопинг ережесін бұзғаны үшін тұтқындаған еді. Қазақстандық шаңғышыдан бөлек, эстониялық Андрус Веерпалу, австриялық Макс Хауке мен тағы бірнеше спортшы тұтқынға алынған.

Сәрсенбіде Полторанин өзінің басты қашықтығы - 15 шақырымдық классикалық жарысқа қатысуы керек еді. Бұл жарыста ол алтын медальге басты үміткерлердің бірі еді.

"Ол өз бөлмесінде шәй ішіп отырған, VADA полициясы келді де, жарыстан шеттетіп тастады. Себебін білмеймін, бірақ оған жақсы шаңғы дайындап қойғанбыз. Өте өкінішті", - деген еді бапкер Алексей Наконечный.

Осыдан кейін қазақстандық спортшы қан допингін пайдаланғанын мойындап, қамаудан босатылды деген ақпарат тараған болатын. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар