Олимпиадаға қатысқан тағы бір спортшы допингпен ұсталды

©olympic

Бейжіңдегі Қысқы ойындарға қатысқан мәнерлеп сырғанаушы Лаура Баркероның Олимпиада кезінде тапсырған допинг сынамасы оң нәтиже берді, деп жазады Р-Спорт басылымы.

18 ақпан күні қысқа бағдарламасын орындаған соң ол допинг сынамасын тапсырған. Нәтижесінде спортшының ағзасынан тыйым салынған метаболит клостеболас табылып отыр. Бұл жайлы 21 ақпанда бүкіләлемдік антидопинг агенттігі хабарлады.

20 жастағы Баркеро жұптық сында Марко Дзандронмен жалпы есепте 11-орын иеленді. Бұл ретте Баркеро мен Дзандрон Қысқы Олимпиадаға қатысқан алғашқы испаниялық спортшылар болып тарихта қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар