Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан Олимпиадаға жолдама алған тұңғыш қазақстандық спортшы. Olympic.kz-ке сұхбат берген спортшы алдағы додаға дайындығы туралы айтты.
"Қазіргі сәтте бәрі жақсы. Бейжің алдындағы соңғы аптада бізге жақсы жағдай ұсынды. Карантин кезінде жаттығу жасауға әбден үйрендім. Ал іріктеу кезеңі қиын өтті. Пандемияға байланысты көптеген жарыстан қалып қойдық.Бұл формамызды сақтауға әсерін тигізді. Дегенмен, алға қойған мақсатымызды орындадық. Олимпиадада шаңғы қоссайысынан ел намысын алғаш болып қорғайтыныма сенімдімін. Бұл мен үшін үлкен абырой", - деді Ракпаров.