Олимпиадада кореялық конькиші жарақат алды

©sport24

Бейжің-2022 қысқы Олимпиада ойындарында оңтүстік кореялық шорт-трекші Пак Чан Хек жарақат алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

1000 метр қашықтықтың ширек финалында Пак Чан Хек тайып, қолын жарақаттап алды. Нәтижесінде спортшыны ауруханаға алып кетті. 

Еске салайық, шортрекші әлем кубогінің кезеңдерінде бес рет жүлдегер атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар