Олимпиадада бетпердемен ойнаған фин хоккейшілері жеңіске жетті

©Reuters

Бейжің-2022 Қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында Ресей мен Финляндия арасындағы матчта "суоми" елінің өкілдері бетпердемен ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бетперде тағып ойнағанына қарамастан Финляндия хоккейшілері 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, осыған дейін Ресей мен Канада (1:6) арасындағы кездесуде ресейліктер екі кезеңде бетперде тағып ойнаса, үйеңкі жапырақ елінің өкілдері матч соңына дейін бетперделерін шешкен жоқ. Спортшылардың ойын кезінде бетперде тағуының себебі Ресей хоккейшілерінің біразынан ПТР тестінің оң нәтижесін көрсеткені себеп болып отыр.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар