2 ақпан күні керлингтен дабл-микст бойынша топтық кездесулер өтті, деп жазады Olympic.kz сайты.
Бірінші жарыс күнінде Ұлыбритания мен Швеция, Аустралия мен АҚШ, Норвегия мен Чехия, Қытай мен Швейцария арасында матчтар ұйымдастырылды.
Керлингтен дабл-микст бойынша он құрама команда жүлдеге таласады. Бірінші айналымнан соң төрт үздік команда жартылай финалға жолдама алады.
Финал және қола медаль үшін кездесу 8 ақпанға жоспарланған.