Министрлік өкілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыға қатысты оқиғаға пікір білдірді

©Insragram: mikhail_shaidorov

Мәдениет және спорт министрлігі өкілі виза ала алмағаны үшін Францияда өтетін жарыстарға қатыспайтын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровке қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"21-27 наурыз аралығында Монпелье қаласында (Франция) мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді.

Михаил Шайдоров Сочиде тұрады, өйткені ол Олимпиада чемпионы Алексей Евгеньевич Урмановпен бірге жаттығады. Ал виза құжаттарын Мәскеуден тапсырған.

21 наурызда виза берілмейтіні туралы ресми хабарлама келді. Оған уақыт аз болғандықтан шағымдана алмайды. Михаил Шайдоров әлем чемпионатына қатыспайды", - деді министрлік өкілі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар