Мемлекет басшысы Александр Герлицті "Құрмет" орденімен марапаттады

©Reuters

Қытайдың астанасы Бейжіңде өткен Паралимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған Александр Герлиц мемлекеттік орденмен марапатталды, деп жазады Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Герлицті "Құрмет" орденімен марапаттады. Сонымен қатар бұл орденді Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Антон Жданович пен бас бапкері Василий Коломиец те иеленді. 

Айта кетейік, Герлиц Паралимпиадада биатлоннан 10 шақырымдық сайыста Қазақстан құрамасының қоржынына қола жүлде салды. 

Сонымен қатар, Реглий шаңғы және биатлоннан төрт мәрте бесінші орын алды. Осылайша, ол мемлекет тарапынан 125 мың доллар сыйақыға ие болды. 

 



Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар