auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қуып келе жатқанын көрдім". Құдайбергенов Денис Теннің өліміне қатысты мән-жайды айтты

"Қуып келе  жатқанын көрдім". Құдайбергенов Денис Теннің өліміне қатысты мән-жайды айтты
© alau.kz
Сотталушы Арман Құдайбергенов Денис Тенмен төбелес жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Іс бойынша Жанар Толыбаева, Нұралы Қиясов және Арман Құдайбергенов өтіп жатыр. Суық қару былтыр шілденің 17-нен 18-не қараған түні алынған. Қылмыс 2019 жылы 19 шілдеде болған. 

Құдайбергеновтің айтуынша, ол Қиясовпен және Толыбаевамен достық қарым-қатынаста екен. 

"Мен 29 сәуірде достарыммен кафеге барғанда Жанармен таныстым. Ол қалаға көлік бөлшектерін сатып алуға келген екен. Кафеде телефон нөмірлерімізді алмасып, кейін сөйлесе бастадық. Сезім оянды. Нұралымен 2017-2018 қыста автожууда таныстық", - деді сотталушы. 

Осыдан кейін ол 2018 жылы 19 шілдеде болған қылмысқа дейінгі оқиғаны баяндап берді. Оның айтуынша, 18 шілдеде Нұралының ағасы Сұлтан Қиясовтың үйіне Манзура есімді қыз учаскелік полицеймен бірге арыз жазу үшін келген. 

"Нұралы онымен кездесіп жүрген. Сосын полицейлер бізді алып кетті. Онда Сұлтан Қиясовпен жанжалдасып, пәтерден шығамыз деп шештік. Сол күні кешке біз Абылай хан даңғылының бойында басқа пәтер жалдадық, сонда Жанарды тастап кеттік", - деді Арман Құдайбергенов. 

18 шілдеде Құдайбергенов пен Қиясов "Ангар" кафесіне барған, сосын тағы басқасына. Құдайбергеновтің айтуынша, жол бойы олар такси болып, адамдарды тасыған. 

"Кейін үйге келіп, дүкеннен төрт бөтелке сыра алған. Екеуін жалдамалы пәтердің ауласындағы тұрақта көлікте іштік. Мен Нұралының қаржылай қиындықтары барын көрдім. Мен көліктердің әйнегін ұрлауды білетінмін. Бұрындары істеп көргенмін. Осылайша ақша табуды ұсындым. Үйге кіріп тағы екеуін ішіп, ұйықтадық. Пышақ пен қолғапты шілденің 17-нен 18-не қараған түні сатып алдық. Нұралы мен Жанар сыртта тұрды, олар оны білмейтін. Мен оны көлікке жасырып алып кірдім. Сол түні мен Қиясовқа да пышақ сатып алғанымды айтқан жоқпын", - деді Құдайбергенов. 

Оның айтуынша, 19 шілдеде Сұлтан Қиясовқа тиесілі автокөлікпен олар Абай - Абылайхан бағытында шыққан. 

  "Жол бойы көлік қарап жүрдім. Сосын Құрманғазыға бұрылуын сұрадым. Сол кезде ол автоәйнек ұрлауға бара жатқанымызды сезді деп ойлаймын. Көліктің артқы бөлігінде Толыбаева отырды, телефон қарап отырған. Ол біздің әңгімемізді естімеді. Себебі біз ән тыңдап келе жаттық. Ол біздің ойымызда не барын білмеді. Құрманғазының бойынан Lexus және басқа да көліктерді көрдім. Ақ көліктен бастап, қалғанына да көшемін деп ойладым. Көлікті жақын маңға тастап, Жанардан саябақта отыра тұруын өтіндім. Lexus автомобилінің бір әйнегін шештім, сосын екіншісіне бара жатқанымда адамдар жиналып қалғанын көрдім. Нұралы менен 3-4 метр жерде сөмкемен тұрды. Пышақ сөмкеде болатын. Сөмкеге бір әйнекті салдым", - деді Құдайбергенов.

Оның сөзінше, осыдан кейін ол екінші әйнекті шешіп жатқанда Денис Тенді көрген. 

"Ол бізден "Не істеп жатсыңдар?" деп сұрады. Қолымда шещілген әйнекті көрді, өз көлігіне қарады. Әйнекке жармасты. Мен оған қайтарып бердім, егер мені ұстаса Астанадағы оқиға шығып кететінін білдім. Әйнекті тастап, қаша жөнелдім, Toyota Camry алдына құладым, айналып өтіп, Денистің артымнан қуалап келе жатқанын көрдім. Спорт алаңына жақындағанда ол мені қуып жетті, төбелесе кеттік. Көліктен 50-60 метр қашып үлгердім. Шынымды айтсам, менің оған шамам жетпеді. Сосын белдігімді шешіп, төбелесте қолдануды ұйғардым. Мен қашып кетейін дедім, себебі мені абақтыға жабатын еді. Екі рет соққы жасадым, біріншісі тиді, екіншісі өтіп кетті. Ол менің басымнан соққы жасады, мен 5-6 секундқа есеңгіреп қалдым. Есімді жиғанда Денистің отырғанын көрдім", - деді сотталушы. 

Осыдан кейін Құдайбергенов Қиясовпен бірге қашқандары туралы айтты. Жол-жөнекей оның серігі пышақты лақтырып тастаған. 

"Мен одан не үшін деп сұрадым, ол болса Денисті екі рет пышақ ұрғанын айтты. Пышақтан қан іздерін көрген жоқпын. "Неліктен пышақ ұрдың" деп сұрадым. Ол маған мұның қалай болғанын білмейтінін айтты. Мен тек тергеу барысында оның жарақат алғанын және онда қан іздері болғанын білдім. Оған дейін мен ештеңені білмедім және төбелес болған жерден қанды байқамадым. Сосын аулалармен жүріп, көлікке бардық. Жанар Толыбаеваға қоңырау шалып, бізге жақындауын сұрадық. Оны алып, Сайранға қарай бардық. Нұралының алаңдаулы екенін көрдім. Біз Денис өлмейтін шығар деп ойладық. Нұралының пышақты қалай ұрғаны туралы сөйлестік", - деді ол. 

"Бірінші кезекте Денис Теннің ата-анасынан және барша қазақстандықтан кешірім сұраймын. Мен шын жүректен өкінемін. Біреуді өлтіру туралы ойымызда да болған емес. Мен тек ақша табайын деп, әйнек ұрлауға шықтым. Мен ұрлық жасағанымды мойындаймын. Мен адам өліміне алып келетін әрекет жасамадым. Мен тек Денисті бір-екі рет ұрдым. Нұралы екеуіміз адам өлтіреміз деп келіскеніміз жоқ, біз тек ұрлыққа бардық. Бізді ұстап алса қандай әрекетке барамыз деп ойластырмадық та. Мен кісі өлімі айыбын мойындамаймын", - деді Құдайбергенов сотта. 

Осыған дейін Сұлтан Қиясовты осы іс бойынша куәлік беругеуге шақыртылғаны хабарланды. Алайда ол өз інісіне қарсы келмеуді шешіп, куәлік беруден бас тартты. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 214-бабына ("Куәгер жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы") сәйкес куәлік беруден бас тартуға болады. 26 жастағы Сұлтан Қиясов мәнерлеп сырғанаушының өліміне күдікті Нұралы Қиясовтан екі жас үлкен.

  Осыған дейін, Денис Тен пышақ жарақатын алған уақытта оқиға орнына бірінші болып жеткен полицейлер сотта куәлік етті.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
18 шілде 2022, 16:33
Қысқы спорт
©olympic.kz Шорт-тректен бас бапкер ауысты

Жарнама

Жарнама