Алматыда Денис Тенге шабуыл жасалған орыннан видео жарияланды, полиция күдіктіні қанды оқиға болған жерге жеткізді, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Мұның алдында Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірінің ұсталып, өз қылмысын мойындағаны айтылған еді. Алматы прокурорының мәліметінше, ұсталған бірінші күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы.
Жарнама