auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық шорт-трекшілер әлем кубогінің финалына шыға алмады

Қазақстандық шорт-трекшілер әлем кубогінің финалына шыға алмады
©kazsports

Алматыда шорт-тректен Әлем Кубогінің 3 кезеңі өтіп жатыр, деп жазады Спортты дамыту дирекциясының ресми сайты. Бүгін, жарыстың 2 күні жекелей сында 1000, 1500 метр мен аралас эстафета жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер арасындағы командалық жарыстың жартылай финалы өтті.

Қазақстандық Ольга Тихонова 1500 метрде жартылай финалдан ары аса алмады. Бұл сында (1500 метрде) нидерландтық Сюзанне Схюлтинг топ жарса, одан кейін оңтүстік кореялық Чхве Мин Джон мен Ким Джи Ли жайғасты. Ерлерде (1500) оңтүстік кореялық Гён Хван Хонг алтын алды. Күміс бельгиялық Стейн Доминик Десмеге, қола кәріс Тхэ Сон Кимге бұйырды.

Денис Никиша (1500 м) В финалында 6 орын алды. Жарыстан соң қазақстандық спортшы былай деді:

"Бұл мен үшін жақсы көрсеткіш. Нәтижеме көңілім толады. Мен спринтермін. Қысқа қашықтықтағы жарыста барымды салып, жүлдеге таласамын. Одан бөлек 5000 метрдегі командалық жарысқа тыңғылықты дайынбыз. Сондықтан, ертең біз үшін маңызды күн" - деді Денис.

Мың метрге жарыста әйелдер арасында канадалық Кортни Саро ешкімге дес бермеді. Ерлерде нидерландтық Йенс Ван т’ Ваут топ жарды. Ал күміс пен қоланы канадалық Паскаль Дион мен Олимпиада чемпионы Жордан Пьер-Жиль жеңіп алды.

Екі шақырымға аралас эстафетада Оңтүстік Корея құрамасы мәре сызығында жеңісті Қытайдан жұлып әкетті. Үздік үштікті Бельгия түйіндеді.

Еліміздің әйелдер және ерлер құрамасы командалық жарыстың жартылай финалында 4-орын алды. Олар ертең В тобының финалында бақ сынайды.

Әлем Кубогінің 3-кезеңі ертең аяқталады. Жарыстарды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
18 шілде 2022, 16:33
Қысқы спорт
©olympic.kz Шорт-тректен бас бапкер ауысты

Жарнама

Жарнама