auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық Полторанин допинг қолданғанын мойындап, бостандыққа шықты

Қазақстандық Полторанин допинг қолданғанын мойындап, бостандыққа шықты
Сурет: ҚР ҰОК. Ізтұрған Алдауев©
Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қан допингін қолданғанын мойындады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Полтораниннен бөлек австриялық шаңғышылар Макс Хауке мен Доминик Бальдауф та өз кінәларын мойындаған.

Kurier мәліметі бойынша, үш спортшы өз кінәларын мойындарына алғаннан кейін, абақтыдан босатылды. Эстониялық екі шаңғышы әлі де қамауда отыр. Бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Алексей Полтораниннің қамаудан босатылғанын "Қазақстанның ұлттық шаңғы жарысы федерациясының" баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазір спортшымыз Зеефельд қаласында. Алексей өзін мүмкіндігінше қалыпты сезінеді. Қазақстандық шаңғышының әлем чемпионатына қатысар-қатыспасы, сондай-ақ, осы жағдайдың мән-жайы кейінірек белгілі болады. Дәл қазір біз осы сұмдықтың біткеніне қуаныштымыз", - деді ҚР ұлттық шаңғы жарысы федерациясының баспасөз хатшысы Самат Наурызова.

Айта кетейік, аутогемотрансфузия (қан допингі) өзінің алдын ала дайындап қойған қанын реципиентке құю дегенді білдіреді.

Естеріңізге салайық, 27 ақпанда шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанинді австриялық полиция антидопинг ережесін бұзғаны үшін тұтқындаған еді. Қазақстандық шаңғышыдан бөлек, эстониялық Андрус Веерпалу, австриялық Макс Хауке мен тағы бірнеше спортшы тұтқынға алынған.

Сәрсенбіде Полторанин өзінің басты қашықтығы - 15 шақырымдық классикалық жарысқа қатысуы керек еді. Бұл жарыста ол алтын медальге басты үміткерлердің бірі еді.

"Ол өз бөлмесінде шәй ішіп отырған, VADA полициясы келді де, жарыстан шеттетіп тастады. Себебін білмеймін, бірақ оған жақсы шаңғы дайындап қойғанбыз. Өте өкінішті", - деген еді бапкер Алексей Наконечный.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
18 шілде 2022, 16:33
Қысқы спорт
©olympic.kz Шорт-тректен бас бапкер ауысты

Жарнама

Жарнама