Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлем чемпионатына қатыспайтын болды

©olympic.kz

Қазақстандық Михаил Шайдоров 21 және 27 наурыз аралығында Монпелье (Франция) қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына қатыспайтын болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында әлем біріншілігінде бақ сынау керек болатын. Бірақ Франция елшілігі қазақстандық спортшыға виза бермей қойды. Бұл туралы спортшының өзі Instagram парақшасында жазды. 

Айта кетейік, бұл әлем чемпионатында қазақстандық жұп Гаухар Наурызова мен Байсанғұр Датиев қатысады. 

2022 жылғы мәнерлеп сырғанаудан әлем біріншілігі Францияның Монпелье қаласындағы "Зюд де Франс" спорт кешенінде өтеді. Бұл бәсекені Қазақстанда QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар